Кеше Агротехнологиялық институттың «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінде «Сапалы тағам – денсаулықтың кепілі» атты шара өтті.
Тағам өндірісі қызметкерлері күніне орайластырылған апталық аясындағы шараны жоғары мектептің магистранттары (МТПРҒ-21,МПБҒ-21 топтары) ұйымдастырды. Шара барысында В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үш кезеңнен тұратын сайысқа түсті. Олар сұрақтарға жауап беріп, өнімдердің технологиялық сызбасын жасады және көрермен студенттердің қатысуымен табиғи соус дайындады.
Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды.