«Экономика және аудит» жоғары мектебінің аға оқытушылары А.Тюмамбаева мен А.Абдешова Ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығына орай «Қаржы» білім беру бағдарламасының бітіру курсының студенттерімен зияткерлік ойын өткізді.
Өзара ынтымақтастық шеңберінде қазылар алқасының құрамында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ облыстық филиалының өкілдері – экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы А.Бажирова, қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Е.Аханов, бас маман У.Шуханова, сондай-ақ «Экономика және аудит» жоғары мектебінің жетекшісі, заң кеңесшісі Айжан Джексембайқызы болды.
Қазылар алқасының шешімімен зияткерлік ойын «Ақша гуру» командасының жеңісімен аяқталды. Қазылар алқасы студенттердің жоғары дайындық деңгейін, командалық рухты, түрлі жағдайларда шешім қабылдау қабілеттерін атап өтті.