9-10 қараша күндері Жәңгір хан университетінің 60 жылдығына орай қыздар арасында волейболдан ашық турнир өтті.
Жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру.
Екі күнге созылған жарысқа жалпы 9 команда қатысып, бақтарын сынады. Атап айтқанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ және әр ауданнан келген командалар қатысты.
Жарыс нәтижесінде 3-орынға Бәйтерек ауданының командасы қол жеткізсе, 2-орынды Ақсай БЖСМ командасы иеленді. БҚАТУ командасы 1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Лияна Байбатырова «Үздік шабуылшы», Сәуле Мырзағалиева «Үздік қорғаушы», Малика Ишанғалиева «Үздік ойыншы», Дильяра Казиуллина «Үздік байланыстырушы» атанды.