Инновациялық инфрақұрылымды және технологиялық кәсіпкерліктің ҒҒТҚН коммерцияландыру экожүйесін және стартап дамыту дәстүрлі түрде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін дамуының басты бағыттарының бірі болып табылады.
“QAZINNOVATIONS” НАРИ” АҚ инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты ретінде бизнес-инкубациялау, стартаптарды акселерациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту жөніндегі мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады.
Бағалау төрт критерий бойынша жүргізілді: инфрақұрылым, команданың біліктілігі, бизнес-инкубацияны жүргізу тәжірибесі, алдағы екі жылға арналған бизнес-инкубаторды дамыту стратегиясы. Елімізде барлығы 50-ге жуық инкубатор бар. Байқауды ең көп ұпай жинағандар жеңіп алды. Ал біздің West StartUp инкубаторымыздың командасы бұл тапсырманы санаулылардың арасында сенімді түрде орындады.
Осылайша, біздің бизнес-инкубатор қаржылық қолдауға ие болып, ғалымдар мен әзірлеушілердің, сондай-ақ Қазақстанның Батыс аймағындағы жоғары оқу орындарының, колледждердің және мектептердің білім алушылардың инновациялық жобалары үшін инкубациялық (акселерация) бағдарламаларын өткізу бойынша негізгі іс-шараларды ұйымдастыру шығындарын өтей алады.
Нәтижесінде инновациялық жобаларды қаржыландыра алатын әлеуетті инвесторларға таныстырылады. Олар идеядан инвесторларды/серіктестерді тарта алатын немесе мемлекеттік қаржыландыруға өтініш бере алатын пакеттелген жобаға өте алады. Біздің сарапшылар инноваторларға оң және теріс жақтарын қалай есептеу керектігін, нарықты және бәсекелестерді қалай түсінуге және оларды талдау тәртібін, жобаның коммерциялық тартымдылығын, оның техникалық мүмкіндігін қалай түсінуге болатынын түсіндіреді, сонымен қатар тиімді бизнес моделін әзірлеу және т.б. Инкубациялық (акселерация) оқыту бағдарламасынан өту үшін коммерциялық тұрғыдан тартымды кез келген саладағы бизнес-жобалар конкурстық негізде іріктеледі.
Негізгі көрсеткіштер:
– бизнес-инкубациялаудың екі бағдарламасын тегін өткізу (кемінде 30 жоба);
– инвесторлар мен қазылар алқасының алдында сөз сөйлей отырып, қорытынды іс-шараларды ұйымдастыру.
Жобаға қатысушылар үшін ең бастысы – құр идеяны ұсыну емес, қаржылық модельмен, жоспармен, тәуекелдер мен бәсекелестерді талдау. Бұл бағдарлама 2023 жылдың 1 қарашасына дейін есептелген.
Гүлшат Айешева, Жәңгір хан БҚАТУ Бизнес-инкубаторы «West StartUp Incubator» жетекшісі, технологияларды коммерцияландыру бойынша сарапшы.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ басшылығы мен ұжымын, соның ішінде West StartUp Incubator командасын осы байқауда жеңіске жетуімен құттықтаймыз! Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап және ҒҒТҚН коммерцияландыруды дамыту ісінде алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде және қызметте табыс тілейміз!