Корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде сompliance-бақылау “Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті” КЕАҚ университетінің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі саясат пен рәсімдерді сақтауын, сондай-ақ жоғары кәсіби және этикалық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Комплаенс-мәдениет корпоративтік мінез-құлықтың негізгі элементтерінің бірі және университеттің корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, қолданыстағы заңнаманың, сондай-ақ комплаенс саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың бірыңғай қағидаттарын айқындайды.
Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Университеттің комплаенс-офицері – Дүйсенғалиева Айнагүл Балтабекқызына хабарлауды сұраймыз.
Телефон: 87172516118
Азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.30-ға дейін жоғарыдағы телефон нөміріне алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.
Құпиялылық пен анонимділікке толық кепілдік беріледі.