Құрметті талапкерлер!
Ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 5 шілдесі аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін деректер базасына тіркелудің басталғаны туралы хабарлаймыз.
Оқуға түсуші өтінішті онлайн түрде Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында келесі сілтеме бойынша береді: https://app.testcenter.kz/. Осы аралықта тестілеуге 2 (екі) рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі (әзірге, бірінші мүмкіндікке рұқсат берілген).
Өтініш беру рәсімі:
- https://app.testcenter.kz/ сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау;
- Электрондық поштаны көрсете отырып, тіркеуден өту (поштаны растау);
- Алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту;
- ЖСН көрсету, іздеу батырмасын басу және байланыс телефоны нөмірін көрсету. 18 жасқа толмаған түлектер үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің ТАӘ, ЖСН және байланыс телефон нөмірін енгізу міндетті;
- «Өтініш» беру бөлімін таңдап, қатысушы санатын көрсету;
- Қажетті тіркеу деректерін толтыру және келесі мәліметтерді таңдау:
- Тапсыру тілі;
- Бейіндік пәндер комбинациясы.
- Тестіленушінің келісімімен және міндеттемесімен танысу;
- Төлем жасау (орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерін қоспағанда).
- «Менің іс-әрекетім» бөлімінде төлем жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда өтінішке өзгеріс енгізу.
Ескерту: өтініш бергеннен кейін, тестілеу күнін, уақытын және орнын өзгертуге болмайды.
Тестілеу құны – 4230 тенге (биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін тапсыру тегін)
Сізге ҰБТ тапсыруда сәттілік тілейміз!