«Рухани жаңғыру» орталығы өз тарихын қоғамдық ғылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларынан алады. 2009-2020 жылдар аралығында «Қазақстан тарихы және философия» кафедрасын философия ғылымдарының кандидаты, доцент В.А.Есенгалиева басқарды.
2009-2010, 2011-2012 оқу жылдарының қорытындысына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша кафедра ІІІ орынды иеленді.
2014-2015, 2015-2016 оқу жылдарының қорытындысына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша кафедра І орынды тұрақты иеленді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын іске асыру мақсатында 2018 жылдың сәуірінен «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасы жанынан «Рухани жаңғыру» жоба орталығы жұмыс істеді.
2018-2019 оқу жылынан бастап «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасы «Рухани жаңғыру» орталығы болып өзгертілді. Орталықтың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын насихаттау, ұлттық бірегейлікті, сананың ашықтығын қалыптастыру, студенттерді бәсекеге қабілеттілікке, прагматизмге, білімге құштарлыққа тәрбиелеу. Бұл миссияны «Рухани жаңғыру» орталығы жүзеге асырып келеді.
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-мен бірігіп «Батыс Қазақстан облысының тарихи топономикасы» тақырыбындағы жобаға «Рухани жаңғыру» орталығының оқытушылары Г.Ж.Балжанова, А.А.Жардемова қатысып, 2019 жылы Байтерек, Бөрлі, Теректі аудандарында этнографиялық экспедиция құрамында ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізді. Жоба нәтижесінде «Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының тарихи топонимикасы» атты кітап басылып шықты.
Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» орталығының оқытушылары Ж.С.Галиева, Г.С.Саркулова Ресей Федерациясының Волгоград облысының шекарасында орналасқан Жәңгір ханның жазғы ордасында салынған Хан бөгетін зерттеуге арналған «Хан бөгеті» танымдық экспедициясына қатысты. Экспедиция қорытындысы бойынша «Хан бөгеті – ашық аспан астындағы музей экспонаты» альбомы үш тілде жарық көрді. Альбомда Жәңгір ханның «Хан бөгетінің» салыну тарихына қатысты материалдар, экспедиция маршруты бойынша табиғат және тарихи-мәдени нысандар суреттері жинақталған.
2019 жылы желтоқсан айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе отырып, университет басшылығы «Рухани жаңғыру» орталығы жанынан «Саналы ұрпақ» жобалық офисін ашты. Жобалық офистің мақсаты – білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қасиеттерді қалыптастыруды көздейді. Осы орайда оқу орнында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылады. «Таза сессия» акциясы, түрлі конференциялар мен дөңгелек үстелдер, форумдар өткізіледі.
Орталық оқытушыларының жетекшілігімен «Фатима» қыздар клубы жұмыс жасайды. «Фатима» қыздар клубы студент қыздар арасында мәдени-тәрбиелік шараларды ұйымдастырып отырады. Сонымен бірге студенттердің тарихи-танымдық ой-өрістерін жетілдіру бағытында «Атамекен» тарихи-өлкетану үйірмесі құрылды. Туған өлкеге деген патриоттық сезімді дамыту мақсатында «Тарихы терең Ақжайық» және «Батыс Қазақстан облысы тарихи-мәдени және табиғи мұралар» тақырыбында магниттік альбом дайындалды.
«Рухани жаңғыру» орталығы жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен белсенді ынтымақтастықта, студенттер арасында көптеген идеологиялық жұмыстар жүргізеді.
2022 жылдың маусым айынан бастап «Рухани жаңғыру» орталығының директоры болып аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану магистрі, Мармара университеті (Түркия Республикасы) докторанты А.М.Сералы тағайындалды.
Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» орталығының құрамында ф.ғ.д., профессор Т.Х.Рысқалиев, ф.ғ.к., доцент В.А.Есенгалиева, т.ғ.к., аға оқытушы Е.Е.Хайдаров, PhD докторы М.С.Джангужиев, аға оқытушы-магистрлар Ж.С.Муталова, Г.С.Саркулова, Г.Ж.Балжанова, Ж.С.Галиева, аға зертханашы М.Х.Хамитова, оқытушы А.М.Тельманов қызмет атқарады.
«Рухани жаңғыру» орталығының оқытушылары