Магистратура білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім беру гранттары конкурсына өтініш беру басталғанын хабарлаймыз.
Өтініштерді қабылдау 11 – 14 тамыз аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қабылдау комиссиясы арқылы жүргізіледі. Өзге қалалардан өтініш берушілер виртуалды қабылдау комиссиясының қызметін пайдалана отырып өтініш бере алады (+7 777 568 88 85 ватсап арқылы бейнеқоңыраулар, Zoom ID: https://us02web.zoom.us/j/72516311509). Қосымша сұрақтар бойынша 8 7112 50 21 42, 50 24 01, +7 777 568 88 85, +7 775 907 17 68 телефондарына хабарласуыңызға болады.