Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі

  • Магистратураға, докторантураға, оның ішінде мақсатты даярлау бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Магистратураға, докторантураға және резидентураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

  • ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдарға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.
  • Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.

Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге беріледі.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 15 маусымы мен 19 шілдесі аралығында жүргізіледі.

Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 – 28 шілде аралығында өткізіледі.

ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен бастап 10 тамызына дейін жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 17 тамызынан 22-не дейін өткізіледі.

Докторантураға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу