Жоғары білім алу үшін ЖОО-ға қабылдау ережесі

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі

3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:

– ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, “Ауыл шаруашылығы және биоресурстар”, “Ветеринария” білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;

– басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, “Денсаулық сақтау” білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.

Сонымен қатар ҰБТ пәндері бойынша математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы – кемінде 3 балл, ал ҰБТ және (немесе) шығармашылық емтиханның басқа пәндері бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

5. ЖЖОКБҰ Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Заңның 26-бабының 8 және 9-тармақтарында көрсетілген түсушілерді қоспағанда, қабылдау тәртібін, нысанын, қосымша емтихан өткізу бағдарламасын және (немесе) даярлық бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, түсушілер үшін өту балын айқындайды.

Қосымша емтиханға қатысу үшін өтінішті қабылдау, сондай-ақ оны ЖЖОКБҰ-ның өткізуі 01 мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген балдарға сәйкес мәлімделген ЖЖОКБҰ-ға қосымша емтиханға қатысуға өтініш береді.

Түсуші қосымша емтиханнан өткен және (немесе) ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.

6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

“Орта буын маманы” немесе “қолданбалы бакалавр” біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Бұл ретте шетелдік азаматтарды білім беру гранты және ақылы негізде қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады.

8. ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу кезінде “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады.

9. ЖЖОКБҰ-ға түсушілерді қабылдау “Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификат және (немесе) үміткердің бірегей деректері бар ұлтттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін растайтын Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланатын электрондық сертификат (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты) балдарына сәйкес олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білімнің жекелеген білім беру бағдарламаларына білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар ЖЖОКБҰ-ларда жүзеге асырылады.

11. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілерден құжаттар ЖЖОКБҰ-ның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі ЖЖОКБҰ-да оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.

12. Әрбір ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ЖЖОКБҰ-ның басшысы, проректорлар, ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.

1-параграф. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде “Педагогика ғылымдары” және “Денсаулық сақтау” білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.

Комиссияның құрамына ЖЖОКБҰ өкілдері оның ішінде, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарынан, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

“Өнер” және “Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау” даярлау бағыты бойынша шығармашылық емтихандар бойынша комиссия құрамына тиісті бейінді білімі бар және мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті орган ұсынған өкілдер кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

15. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады.

Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

5) “Дене шынықтыру және спорт туралы” 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.

16. Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 7 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

17. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

Осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны бекітіледі.

18. ЖЖОКБҰ-ға “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша, Денсаулық сақтау” білім беру салаласы бойынша оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе ЖЖОКБҰ-ның медицина факультеттерінің (бөлімшелерінің) орналасқан жері бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

19. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқутілі) бойынша балдар ескеріледі.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін арнайы пәннен балдары ескеріледі.

20. “Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

“Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша “Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және арнайы пәндер бойынша балдар ескеріледі.

21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ-лар әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

23. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

24. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілергеемтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралықұжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

“Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанда бағаланады.

26. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.

28. “Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” білім беру салалары бойынша арнайы емтихандардың нәтижелері бойынша түсушіге шығармашылық емтихан тапсыру орнына қарамастан ЖЖОКБҰ-ға ұсыну үшін рұқсат беру ведомосінен үзінді беріледі.

 29. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен төрағасын қосқанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

30. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

31. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

32. Меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау үшін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның қорытындысын арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.

3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау тәртібі

33. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе www.egov.kz “электрондық үкіметтің” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес “Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы “жеке кабинетіне” электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қызмет берушіге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 10 мен 25 тамызы аралығында ұсынады.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ЖЖКОБҰ студенттерінің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

33-1. Көрсетілетін қызметті беруші “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

33-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 33-3. Түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқу үшін ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарынақабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ныңқабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 мен 25 тамыз аралығында өткізеді.

34. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша), бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

ЖЖОКБҰ-да академиялық оқу кезеңі аяқталғаннан кейін осы тұлғалар жыл бойы ҰБТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 204 бұйрық) белгіленген мерзімде тапсырады.

35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жөнінде өтініш береді және ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.

Жоғары білім берудің шығармашылық білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантының иегерлері шығармашылық емтихан тапсыру орнына қарамастан ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.

Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.

36. № 204 бұйрықпен белгіленген мерзімге сәйкес ҰБТ тапсырған ағымдағы жылғы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар және осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.

Бұл ретте орта білімді ұйымдардың бітіруші 11 (12) сыныптың білім алушылары күнтізбелік жылғы 1 ақпан мен 25 тамыз аралығы кезеңінде жалпы орта білім туралы құжат алғанға дейін ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.

Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғаннан кейін оқуға түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 33-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады.

37. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген ҰБТ-ның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.

Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

Осы Үлгілік қағидалардың 15, 33, 36, 37-тармақтарында белгіленген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат қабылдамайды.

38. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.

“Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.

39. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылданады.

Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады.

40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдык уәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

41. ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, қабылдау аяқталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ-ға студенттерді қабылдау бойынша қорытынды есеп ұсынады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу