Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

СҒЗЖ негізгі мақсаты

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және нығайту, жастарды ғылыми, жобалау-технологиялық, шығармашылық қызметке тарту нысандарын дамыту және жетілдіру, жоғары білімнің кәсіптік-техникалық деңгейін арттыру үшін оқу, ғылыми және тәрбие процестерінің бірлігін қамтамасыз ету.

СҒЗЖ мақсаттары мен міндеттері

Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми-техникалық прогреске қол жеткізуді тәжірибеде шығармашылықпен қолдана алатын және сол арқылы экономикалық дамудың қазіргі жағдайларына тез бейімделе алатын жоғары білімді мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

СҒЗЖ негізгі міндеттері

  • білімді ұтымды және тиімді алу және пайдалану әдіснамасын оқыту;
  • оқу-тәрбие процесінің бірыңғай жүйесі шеңберінде жоғары білім беру жүйесін ғылыммен және өндірістік қызметпен интеграциялаудың жаңа нысандарын жетілдіру және іздестіру;
  • ғылыми және зерттеу қызметінің дағдыларын арттыру;
  • студенттердің ғылыми зерттеулерге және нақты әзірлемелерге қатысуы;
  • жастар бірлестіктерін құру және дамыту;
  • ғылым, техника, өндіріс саласындағы заманауи технологияларды игеру;
  • заманауи ғылыми әдістемелермен танысу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс;
  • одан әрі магистратурада оқуға, жоғары мектептер мен ғылыми зертханаларда жұмыс істеуге қабілетті жастарды анықтау; мектептер мен колледждер оқушыларының техникалық шығармашылығын дамыту, ғылымға бейімділік танытқан жастарды ЖОО-ға іріктеуді қамтамасыз ету.

          СҒЗЖ негізгі нәтижелері

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі институттардың жоғары мектептерінде бекітілген ҒЗЖ жоспарларына сәйкес жүзеге асырылды. Институттардан СҒЗЖ үшін жауапты оқытушылар тағайындалды. Университеттің СҒЗЖ жетекшісі, аға оқытушы – Шадьяров Талап Мнажатович.

Институттар мен жоғары мектептер бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты оқытушылар тізімі

 СҒЗЖ жетекшісінің аты-жөніЛауазымыЖоғары мектепТелефон нөмірі, электронды адресі
1Кармалиев Рашит СагитовичДоцент, ветеринария ғылымдарының кандидаты, (в.ғ.д. РФ)«Ветеринарлық клиникалық ғылымдар» үйірмесінің жетекшісі+77052205471, [email protected]
2Кайргалиева Гульдана ЗейнуллаевнаАға оқытушы, магистр«Мал шаруашылығы және биоресурстар» үйірмесінің жетекшісі+77775683337, [email protected]
3Кужебаева Улболсын ЖангазиевнаОқытушы, магистр«Ветеринарлық және биологиялық қауіпсіздік» үйірмесінің жетекшісі+77479261232, [email protected]
4Каиргалиев Есен КаиргалиевичОқытушы, магистр«Техника және инженерлік қорғау» үйірмесінің жетекшісі+77751164453, [email protected]
5Канатбаев Адил АманкелдиевичАға оқытушы, магистр«Электротехника және автоматика» үйірмесінің жетекшісі+77473624345, [email protected]
6Галиев Манарбек СамигуллиевичАға оқытушы, магистр«Жалпы техникалық дайындық» үйірмесінің жетекшісі+77754123872, [email protected]
7Мухомедьярова Айнагуль СансызбаевнаАға оқытушы, магистр«Орман, жер және су ресурстарын басқару» үйірмесінің жетекшісі+77076805961, [email protected]
8Оразов Аян ЖарылқасынұлыАға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» үйірмесінің жетекшісі+77769475858, [email protected]
9Мусина Мейрамгуль КалдыбаевнаДоцент м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты«Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» үйірмесінің жетекшісі+77770600160, [email protected]
10Ожанов Ғали СаттибаевичДоцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты«Орман, жер және су ресурстарын басқару» үйірмесінің жетекшісі+77022190373, [email protected]
11Днекешев Азамат АманжоловичОқытушы, магистр«Ақпараттық технологиялар» үйірмесінің жетекшісі[email protected]
12Елеусинова Раиса НұрболатқызыОқытушы м.а., магистр«Кәсіптік білім беру» үйірмесінің жетекшісі[email protected]
13Копбулсынова Бибигуль КарасыновнаАға оқытушы, магистр«Экономика және аудит» үйірмесінің жетекшісі[email protected]
14Рыскалиев Муратбай ЖанайдаровичДоцент м.а., PhD докторы«Құрылыс және құрылыс материалдары» үйірмесінің жетекшісі[email protected]
15Сатаева Сафура СаниевнаДоцент м.а., PhD докторы«Мұнай, газ және химиялық инженерия» үйірмесінің жетекшісі+77754125398, [email protected]
16Мизамова Гулбаршын НурлановнаАға оқытушы«Ақпараттық технологиялар» үйірмесінің жетекшісі+77078804134, [email protected]
17Галиев Манарбек СамигуллиевичАға оқытушы, магистр«Жалпы техникалық дайындық» үйірмесінің жетекшісі+77754123872, [email protected]

Университетте Facebook әлеуметтік желісінде виртуалды студенттік ғылыми қауымдастық құрылды. Бұл ғылыми қауымдастық ерікті негізде ҒЗЖ-ға белсенді студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды, сондай-ақ университеттің түлектерін біріктіреді. Қазіргі уақытта қауымдастық мүшелерінің саны 321 адамға жетті. СҒҚ-ның негізгі мақсаты – неғұрлым дарынды студенттерді әртүрлі ғылыми ұжымдарда (үйірмелерде, клубтарда) мақсатты ғылыми жұмысқа тарту ғана емес, сондай-ақ студенттерді ғылыми-техникалық міндеттерді дербес шешу әдістемелері мен құралдарына; бизнес жоспарлау және маркетингтік зерттеулер жүргізу негіздеріне оқыту болып табылады.

Қазіргі уақытта университетте 19 ғылыми үйірме (зертханалар мен конструкторлық бюролар) жұмыс істейді, олардың жұмысына барлығы – 484 студент қатысады. Ғылыми үйірмелерде студенттер өздерін қызықтыратын нақты тақырыптар бойынша ғылыми ізденіс пен жұмыстың практикалық дағдыларын игереді. Осы зерттеулердің нәтижелері студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар, рефераттар, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстар түрінде ұсынылды.

Университетіміздің студенттері жыл сайын елімізде және шетелде (Ресей, АҚШ, Молдавия, Чех Республикасы, Сербия және т.б.) өткізілетін олимпиадаларға, фестивальдар мен форумдарға қатысады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу