Жылыжайда практикаға бағытталған сабақ өтті

2021 жылдың 11-қарашасында Агротехнологиялық институтының «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің ЗКР-41 тобының студенттері Аспен Орынбаевтың және Алия Кушенбекованың жетекшілігімен «Өсімдіктерді қорғау әдістері», «Өсімдік қорғау мен карантиннің заңдылық және нормативтік негіздері» пәндерінен практикаға бағытталған сабақтар өтті. Білім алушылар «World Green Company»  ЖШС-не барып, жылыжайда көкөніс дақылдарының голландық өсіру технологиясының ерекшелігі және сол дақылдарды зиянды ағзалардан қорғау әдістері жөнінде  толық ақпарат алды. Сонымен қатар білім алушылар жылыжайдағы машина-құралдармен танысып, жұмыс барысын өз көздерімен көріп қайтты. Практикаға бағытталған сабақ барысында болашақ мамандар өз сұрақтарын қойып, мамандықтарына қызығушылықтары артқанын байқатты.

📚 Loading…