Жылқы шаруашылығының мамандары оқытылуда

Университет базасындағы AGROTECH HUB жобалық кеңсесінде «Жылқылардың тұқымдық құндылығын бағалау. Жылқы өсіру технологиясы» тақырыбында оқыту курсы өтуде.

Курс жұмыстарына Батыс Қазақстаннан өзге Атырау, Ақтөбе облыстарынан жылқы шаруашылығына қатысы бар мамандар қатысуда.

Курсқа қатысушыларға асыл тұқымды жылқыларды сақтап қалу, генетикалық зерттеу жүргізу, сұрыптау бағытында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Нәбидолла Кикебаев, Ақтөбедегі республикалық жылқы палатасының ғалымдары дәріс оқуда.

AGROTECH HUB жобалық кеңсесінің жетекшісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Қайсар Кушалиев атап өткендей, курс барысында тәжірибелік сабақтар жүргізіліп, қатысушылар Теректі ауданындағы «Ақбота» және «Рысжан» шаруа қожалықтарында, университет жанындағы ғылыми зерттеулер жүргізетін сынау орталығында болды. – 36 сағаттық курс жұмысы аяқталғаннан кейін қатысушылармен сауалнамалар жүргізіліп, арнайы сертификаттар беріледі. Жалпы жылқы шаруашылығы – Жәңгір хан университеті базасындағы AGROTECH HUB жобалық кеңсесінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі, – деді Қайсар Жалитұлы.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу