Жылқы шаруашылығы бойынша семинар өтті

Университеттің «AGROTECH HUB» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жылқы шаруашылығындағы технологиялар» тақырыбында семинар жұмысы өтті. Бұл іс-шара Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ арасындағы келісімшартқа сәйкес ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Семинар жұмысына Батыс Қазақстан облысынан өзге Атырау және Ақтөбе өңірлерінен Көшім жылқысын өсірумен көп жылдан бері айналысып келе жатқан ірі шаруа қожалықтарының өкілдері және осы салада енді жұмысын бастаған шаруалар қатысты. Сонымен бірге Павлодар және Нұр-Сұлтан қалаларынан мамандар онлайн форматта тыңдаушылар қатарына қосылды.

Семинар барысында белгілі ғалым, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Алтай Зинуллин, университеттегі сынақ орталығының директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Индира Бейшова, Сынақ орталығының зертхана меңгерушісі Александр Ковальчук жылқы тұқымын таңдау, оларды өсіру әдістері, сұрыптау және жұптау қағидалары, асылдандыру есебін жүргізу, бағалау мәселелері, сонымен қатар жылқының тұқымына генетикалық зерттеу жүргізу, ортақ базамен жұмыстану туралы баяндап, қатысушыларға қажетті ақпараттармен бөлісті. Күннің екінші жартысында семинардың тәжірибелік бөлімі «Көшім» ауылдық округіндегі жылқы шаруашылығымен айналысатын «Рысжан» шаруа қожалығында жалғасты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу