Жолдауды насихаттау басталды

Жәңгір хан университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бағытында көпшілік дәрістер өткізілуде.

«Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырған бұл дәріске университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, студенттері мен магистранттары қатысуда.

Алғашқы дәріс «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» иснтитутында өтті.  «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы Есқайрат Хайдаров қазіргі әлемде қалыптасқан геосаяси жағдай туралы сөз қозғап, жиынға қатысушыларға Жолдаудың тарихи және саяси маңыздылығын түсіндірді.

Аталмыш шара басқа институттарда да жалғаспақ.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу