Жәңгір хан университеті студенттері қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік жобалар байқауында жүлделі орынға ие болды.
Аталған байқауға қатысқан 21 команданың ішінде Жәңгір хан университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, «Эковата өндірісі» жобасы бойынша Мейрамбек Ергенов (БУА-31), Диана Ахметалиева (ЦЭМ-31), Ақнұр Атомбекова (СТР-31), ал «BIOTOPYRAK органикалық тыңайтқыш» жобасы бойынша Наргиза Балмұқанова (ЦЭМ-31) мен Күнсұлу Сисиенова (ЦЭМ-31) III дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Әсем Тайпакова (БУА-31) мен Айзере Мақсотоваға (ЦЭМ-31) байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификат берілсе, команда жетекшісі – э.ғ.к., аға оқытушы Канбибі Өтешқызы Нурсапинаға студенттерді жоғары деңгейде дайындағаны үшін арнайы алғыс хат берілді.

