Жәңгір хан университетінің студенті Самғат Шабдан Атырау қаласында 16-19 маусым аралығында өткен MMA (MIXED MARTIAL ARTS) аралас жекпе-жектен жастар арасында Қазақстан Республикасының батыс аймақтық ашық кубогінде 1-орынды жеңіп алды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық жарыста Самғат 65,8 келі салмақ дәрежесінде өз бағын сынаған болатын. Жеңіске қол жеткізген спортшыны құттықтаймыз!
