Жуырда Тараз қаласында өткен жоғары лигадағы әйелдер құрамасы арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасы ХХІХ чемпионатында жеңімпаз атанған «Грация-KZ» командасының құрамында Жәңгір хан университетінің білім алушысы да бар.
Ол – «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығының 2-курс студенті Виолетта Филиппова.
Облыстың құрама командасының сапында өңір намысын қорғауда өзіндік үлесі бар Виолеттаны алғашқы алтын медальімен құттықтаймыз!