Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шарада Жәңгір хан университетінің студенттері Насекен Сұлтанбек Нұрланұлы мен Болатов Жамбыл Дәуренұлы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алғыс хатымен марапатталды.
Бұл студенттер биылғы жазғы демалыстарында «Жасыл ел» студенттік құрылыс отряды қатарында жұмыс істеген болатын. Сұлтанбек Насекен -орман шаруашылығы мамандығының 3-курс студенті, Жамбыл Болатов ветеринарлық медицина мамандығының 4-курс студенті.
-«Жасыл ел» бағдарламасы өңірімізде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына атсалысып қана қоймай, еңбекке баулып, табыс табуға да мүмкіндік берді,- дейді отряд командирі Сұлтанбек Насекен.
Үздік «жасылелдіктердің» қатарынан көрінген білім алушыларымызды алған марапаттарымен құттықтаймыз.