Бүгін Жәңгір хан университетінде «Жаһандану дәуіріндегі ауыл шаруашылығының болашағы: қоғамдағы және өндірістік қатынастардағы жасанды интеллект» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында білім беру, агрономия, ветеринария, геоақпараттық жүйелер мен агробизнес салаларындағы жасанды интеллектінің рөлі мен болашағы кеңінен талқыланды. Әр саланың мамандары өз баяндамаларында ғылыми зерттеулерін ұсынып, тәжірибелік шешімдермен бөлісті. Кәсіби диалог, пікір алмасу және жаңа идеялардың туындауы – бұл дөңгелек үстелдің басты жетістігі болды. Бұл шара жасанды интеллектінің ауыл шаруашылығында қолданылуына арналған ғылыми диалогқа жол ашып, университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына серпін берді.
