Жәңгір хан университетінде «Күміс университет» тыңдаушыларына арналған семинар өтті, онда жасанды интеллектінің білім беру жүйесін қалай өзгертіп жатқандығы талқыланды.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды: жасанды интеллектінің оқытушылар мен білім алушыларға көрсететін көмегі; заманауи цифрлық платформалардың мүмкіндіктері; адам тәжірибесі мен машиналық интеллектінің арасындағы шекара қайда өтетіні.
Жасанды интеллектт оқу процесін жеделдетуге, жеке бағытталған білім беруді қамтамасыз етуге және өзара әрекеттесудің жаңа форматтарын жасауға көмектеседі. Бірақ ол оқытушыны алмастыра ала ма? Жоқ. Технологиялар қолдау көрсетеді, алайда адам тәжірибесі, даналығы мен шабытын алмастыру мүмкін емес.
Қашықтықтан және қосымша білім беру бөлімі ұйымдастырған семинарды Цифрлық экономика және тұрақты даму институтының оқытушысы Азамат Днекешев жүргізді. Тыңдаушылар белсенді пікір алмасып, жаңа технологияларға деген қызығушылықтың жасқа байланысты емес екенін дәлелдеді.
