Жәңгір хан университетінің ректоры Халықаралық білім беру институтының өкілін қабылдады

Университетімізге келген Халықаралық білім беру институтының өкілі, Steppe Global Education Foundation білім беру орталығының жетекшісі Джоэл Эриксон американдық және қазақстандық университеттер арасында өзара студенттер мен оқытушылар алмастыруға бағытталған бастама көтерді. Қонақты университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов қабылдады.

Джоэл Эриксон – Қазақстан-Америка университеттері консорциумының өкілі, бұл ұйым Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің демеушілігімен және IIE – Steppe Global Education Foundation басқаратын серіктестік бағдарламасы аясында дамып келеді. Консорциумның мақсаты – қазіргі байланыстарды нығайту және АҚШ пен Қазақстан университеттері арасында жаңа инновациялық серіктестіктерді құруға ықпал ету. Бұл байланыста өзара қарым-қатынас басты рөл атқарады, сондықтан кездесуде тілші-оқытушыларды алмастыруға көп көңіл бөлінді, өйткені олардың миссиясы – консорциум құрамына кіретін университеттердің студенттері мен оқытушыларына ағылшын, орыс және қазақ тілдерін үйренуге көмектесу.

«Ынтымақтастық қарым-қатынас пен оқу ісіне кедергі жасайтын басты себептің бірі – ағылшын тілін білмеу» – деді Джоэл Эриксон кездесу барысында. Сондай-ақ ортақ тілде сөйлесуге қабілетті инновациялық қауымдастық құру – ынтымақтастық қарым-қатынас жолындағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу