Жәңгір хан университетінде ұлттық құндылықтар ұлықталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Ырысын шашқан гүл көктем» атты мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов алғы сөз сөйлеп, университет ұжымы мен студенттерді келе жатқан 1 мамыр – Бірлік күні мерекесімен құттықтады.

Жиын барысында бір топ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ бұл салтанатты шарада «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің профессоры Бейбіт Нәсиевке Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты табысталды.

Бұдан әрі мерекелік шараға жиналған қонақтар Жәңгір хан университетінің студенттері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық өнерден сусындады. Институттар мен орталықтар ұжымдары «Бірлік ауылы», «Ақ бидай ауылы» сынды киіз үйлерге бөлініп, қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті.

Мерекелік шарада ұлттық ойындар да ұмыт қалмады. Атап айтқанда, «Қой көтеру», «Арқан тартыс», «Асық ату», «Аударыспақ» сынды ойындар ойнатылып, жеңімпаздарды университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов марапаттады.

Шара соңында қонақтар университет ұжымы дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу