Бүгін «Қазаэронавигация» РМК басшылығының сұранысымен университеттің Индустриялық-технологиялық институты мен «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы студенттермен кездесу ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерді аталмыш кәсіпорынға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беру.
Жиынға «Қазаэронавигация» РМК орталық аппаратының персоналды оқытуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлназ Омарова, кәсіпорынның Орал қалалық филиалының директоры Ақжігіт Сүлейменов және кәсіпорынның Орал қалалық филиалының диспетчері Артур Маяшев қатысты. Олар өз сөздерінде кәсіпорын туралы, диспетчерлер жұмысының ерекшеліктері, әуе диспетчерлеріне қойылатын талаптар, оларды оқыту туралы атап өтті.
Кездесу барысында студенттер толғандырған сұрақтарын қойып, осы сұранысқа ие салаға қызығушылықтарын танытты.