Жәңгір хан университетінің студенттері Әділбек Сеисов, Ержан Ерболат және Нұртілеу Орынғали Қазақстан Республикасы чемпионатында топ жарып, жүлделі орындарды иеленді.
1-курс студенті Әділбек Сеисов жауынгерлік самбо күресінен ерлер арасында 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 1-орынды жеңіп алса, 2-курс студенті Ержан Ерболат қол күресінен ерлер арасында 55 келі салмақ дәрежесі бойынша 2-орынға қол жеткізді. Ал шаңғымен спорттық бағдарлауда жастар тобы арасында ұзақ қашықтықта өз бағын сынаған 1-курс студенті Нұртілеу Орынғали 3-орынға табан тіреді.
Жас спортшылар осындай үздік нәтижелерімен «ҚР спорт шебері» дәрежесіне қол жеткізді.
Ел чемпионатынан олжамен оралған студенттерімізді құттықтаймыз. Олардың әлі талай байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатарына сенеміз.