Жәңгір хан университетінде 17-18 сәуір күндері ардагерлер арасында футзалдан «Жәңгір хан» кубогы өтті. Аяқдопшылар арасындағы жарысқа «Сырым», «Бәйтерек», «БҚАТУ», «Жалпақтал», «Орал қалалық әкімдігі», «Бөрлі», «Тасқала», «Қазталовка» командалары қатысты. Жарыс нәтижесінде 1-орынды жалпақталдықтар жеңіп алса, екінші орынды «БҚАТУ» командасы иеленді. Ал Орал қалалық әкімдігінің ойыншылары 3-орынға табан тіреді.
