Жәңгір хан атындағы БҚАТУ технологияларды коммерцияландыру саласындағы шетелдік ынтымақтастықты кеңейтуде

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «АҚШ және Қазақстан университеттерінің байланыстары» (UniLinks) гранттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру және трансферттеу жүйесін жетілдіру» жобасы бойынша Еуразия қорының грантын жеңіп алды.

Бұл жобаны іске асыру кезінде бірлескен әзірленген іс-қимыл жоспарлары, екіжақты тренингтер, сондай-ақ ғалымдар арасындағы өзара іс-қимылға ықпал ету арқылы Ратгерс университетімен (Rutgers University, АҚШ мемлекеттік зерттеу университеті, Нью-Джерси штатының ең ірі жоғары оқу орны) пәндік өзара іс-қимылға қол жеткізілетін болады.

Жобаны іске асырудың негізгі мақсаты – әкімшілік, техникалық және қаржылық процестерді жетілдіру үшін зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру әлеуетін арттыру, сондай-ақ тұрақты американдық-қазақстандық ынтымақтастық және білім алмасу негізінде тиімді инновациялық экожүйені қалыптастыру.

Технологияларды коммерцияландыру және «Агротеххаб» басшылары Гүлшат Айешева мен Ерасыл Дулатбай атап өткендей, осылайша жобаны іске асыру нәтижесінде Жәңгір хан университеті ғалымдарының технологияларды коммерцияландыру және зияткерлік меншікті басқару, сондай-ақ технологиялық маркетинг және инновациялық технологияларды (өнімдерді) ілгерілету саласындағы құзыреттілігі арттырылатын болады. Сонымен қатар табысты американдық тәжірибені игеру негізінде университетте технологияларды коммерцияландыруды басқару жетілдірілетін болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу