28-30 маусым аралығында Жәңгір хан университетінің (БҚАТУ) ғылым жөніндегі проректор Шәмшідін Әлжан Смайлұлы және Agrotechub басшысы Дулатбай Ерасыл Алтайұлы бастаған универсиетет өкілдері Тарим университетінде сапарда болды .
Тарим университетінің ректоры Yan Xianglin мырза қонақтарға құттықтау сөзінде екі ел мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Тарим университетінің өкілдерімен кездесуде “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында “Азық-түлік қауіпсіздігі” зертханасының ашылуымен университет өкілдігін құру мүмкіндігі талқыланды. Зертханада азық-түлік қауіпсіздігі және сертификаттау, сондай-ақ тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін жылқы тұқымдарын таңдау бойынша зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, магистрлер мен докторанттардың алмасуы мен дайындығына ықпалы да талқыланды. Жалпы, кездесу тек жағымды әсер қалдырды. Соңында тараптар бір-біріне жаңа бастамаларға сәттілік және жемісті ынтымақтастық тіледі!