Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне ерекше қонақ келді!

Hochschule Weihenstephan-Triesdorf қолданбалы ғылымдар университетінің өкілі Ralf Schlauderer мырзаның университетімізге келуі оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.

Сапар аясында Шлаудерер мырза біздің университетпен, оның инфрақұрылымымен және білім беру бағдарламаларымен танысты. Кездесудің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер және білім беру сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ынтымақтастық туралы шартты талқылау және жасасу болды.  Біз бұл серіктестік айтарлықтай пайда әкелетініне және екі тарап үшін де жемісті болатынына сенімдіміз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу