ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚОЛДАУ БОЙЫНША СЕМИНАРЛАР ӨТТІ

4-5 шілдеде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де Технологияларды коммерцияландыру және инновациялық қызметті қолдау бойынша семинарлар өтті. Іс-шараның негізгі қатысушылары Батыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастығының ең белсенді жиырмадан астам субъектілерінің өкілдері болды.

Іс-шараны Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де “АҚШ және Қазақстан университеттерінің байланыстары” (UniLinks) гранттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындалып жатырған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыруды жетілдіру жөніндегі жобаға қатысушылар тобы ұйымдастырды.

Семинар барысында Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубация Кеңсесінің жетекшісі Айешева Гүлшат Амангелдиевна қатысушыларды Технологияларды коммерцияландыру негіздерімен және оның Қазақстандағы ерекшеліктерімен, Технологияларды коммерцияландыру тәсілдері мен процестерді құжаттамалық ресімдеу бойынша нақты мысалдармен, сондай-ақ Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің инновацияларды қолдау жөніндегі қызметтерімен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру бойынша бизнес-серіктестермен ынтымақтастықтың және жалпы ғылыми-технологиялық әріптестіктің ықтимал бағыттарымен таныстырды. Спикер сондай-ақ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен тетіктері және бизнес пен ғылымға арналған инновациялық гранттардың түрлері туралы айтып берді.

Гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа өтінімдерді дайындау бойынша өз тәжірибесімен және коммерцияландыру жобаларының табысты нәтижелерімен оның қатысушылары мен жеңімпаздары бөлісті: Изтаев Бауыржан Ауелбекович, Тажибаева Римма Данабаевна (“Bal Halal” ЖШС, Алматы қ.), Мухажанова Раушан Мураткановна (“Мерей М” ЖШС, Абай облысы), профессор, т.ғ.д. Монтаев Сарсенбек Алиакбарович (Орал қ.) және т. б.  Олардың терең сенімі бойынша, бүгінгі таңда қазақстандық бизнестің назарында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру негізінде отандық жоғары технологиялық өнімдермен импортты алмастыру міндеттерін шешудің заманауи тәсілдері болуы тиіс.

Семинарға қатысушылар университеттің кейбір инновациялық инфрақұрылым нысандарымен, атап айтқанда, бірқатар инновациялық технологиялар / өнімдер мен қызметтерді ұсынатын сынақ орталығы мен тәжірибелік-өндірістік учаскемен танысты.

Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубация мәселелері бүгінде университеттің даму Стратегиясының басты назарында екенін атап өткен жөн. Әлеуетті бизнес-серіктестерді ғылыми-техникалық қызметке белсенді тарту және олармен тиімді ынтымақтастық жоспарлануда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу