Жаңа келіссөз – жаңа бастамаларға жетелейді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясы кеңеюде.

Бұл жолы БҚАТУ Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің бір факультетімен жасанды интеллект аясында әріптестік байланыс орнатпақ. Атап айтқанда, қазақстандық университет ресейлік жоғары оқу орнының Ақпараттық технологиялар және үлкен деректер сараптамасы факультетімен «ақылды» ауылшаруашылығы шешімдерін құру бойынша жобаларды бірге дамытуға ниетті.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Асқар Мырзахметұлы Наметов пен аталмыш факультеттің деканы В.И.Соловьев ынтымақтастық орнату барысындағы мүмкіндіктерді талқылады. Келіссөздер жүргізу кезінде В.И.Соловьев ауылшаруашылығы робототехникалық жүйесі саласындағы факультеттің жұмыстарын таныстырды. Бұл кездесу факультеттің ауылшаруашылығында жасанды интеллектіні, үлкен деректер сараптамасы мен интеллектуалды робототехникалық жүйені дамыту бойынша қызығушылық танытқан университеттердің халықаралық консорциумын құру жұмыстары аясында ұйымдастырылды. Нәтижесінде БҚАТУ білім бағдарламасы мен зерттеу қызметі шеңберінде «Ақпараттық технологиялар және үлкен деректер сараптамасы факультетімен» ынтымақтастық орнату үшін ортақ келісімге қол қоюды ұйғарды. 

Жәңгір хан университетінің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері Ресейдің Қаржы университетінің «Шақырулы профессор» бағдарламасына, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендерін тұрақты дамытуға бағытталған жасанды интеллект саласындағы ауқымды бірлескен жобаларға қатысатын болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу