Жаңа аудитория ашылды

22 сәуір күні Политехникалық институтта «Азаматтық қорғаныс аудиториясы» ашылды.

Бұл шараға тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандары және институт оқытушылары мен студенттер қатысты.

Алдымен сөз алған проректор Ақылбек Ұзақбайұлы «Азаматтық қорғаныс аудиториясы» Жәңгір хан университеті мен БҚО ТЖД арасында жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында ашылып жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қайдар Тілеуханов саланың мақсат-міндеттеріне тоқталып, төтенше жағдай фактілері туралы әңгімеледі.

Шара барысында департамент мамандары зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету әдістерін көрсетті.

БҚО ТЖД өкілдері айтып өткендей, университетке департамент тарапынан әдістемелік көмектер көрсетіліп, бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу