Зертханадағы практикаға бағытталған сабақ

16-18 Қараша күндері “Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары” жоғарғы мектебінің ТПП-41,42,43,45,47топ студенттері «Азық түлік өнімдері мен шикізатының сапасын бақылау және бағалау» пәнінен «Ет және ет консервілерінің сапасын зерттеу» тақырыбы бойынша Қазақстан аумағында өндірілетін бұқтырылған сиыр етіне тәжірибелік, практикаға бағытталған сабақ өткізілді.

Зертханалық жұмыста ет және ет консервілерінің сапалық көрсеткішерін анықтады. «Филин» аппаратымен сиыр етінің балғындығын және тартылған етті қосалқы өнімдермен бұрмалауды анықтады. Ет консервілеріне суық және жылу өңдеумен өнделген өнімге зерттеу жұмысы жасалды. Ет консервілеріне дегустация және зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Топ студенттері өзара өнімдердің иісі мен дәміне, тығыздығына дегустациялық баға берді.

Тәжірибелік сабақты жүргізген: “Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары”жоғары мектебінің оқытушысы, магистрі Қойшиева Ж.Ж.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу