Зертханада тәжірибелік сабақ өткізілді

«Ветеринарлық медицина және мал шарушылығы» институтының ВМ-51,53 топ студенттері болашақ маман ретінде қалыптасу мақсатында «Ветеринарлық-санитарлық сараптау» пәні бойынша зертханалық сабақтарын ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасында өткізуде.

«Ветеринарлық және биологиялық қауіпсіздік» жоғары мектебінің аға оқытушысы Зухра Айтпаева «Ауру және сау малдың етін зерттеу» тақырыбында зертханалық сабағында білім алушыларға еттің балаусалығын анықтау, оның ауру немесе сау малдан алынғаны туралы сапалық реакцияларды (пероксидаза, формольді) өткізуді және етке толық сараптау өткеннен кейінгі санитарлық баға беруді үйретті. Болашақ ветеринарлық дәрігерлер зертханалық сабақ барысында сау мен ауру мал етін  зертханалық жағдайда ажыратуды, оларға жасалатын ветеринарлық санитарлық сараптау әдістерін меңгерді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу