Еліміздің барлық университеттерінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған республикалық құқықтық диктант өткізілуде. Бұл бастаманы Жәңгір хан университеті де қолдады. Осыған орай бүгін білім алушылар арасында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жазба жұмысы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту.
