Волейболшы қыздар финалдық кезеңде өнер көрсетеді

Бүгін Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов БҚАТУ волейбол командасының ойыншыларымен кездесті.

Коворкинг орталығында өткен кездесуге «Ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы» Болатбек Сахиев, команданың жаттықтырушысы Берік Батыров және команда мүшелері қатысты. Алдымен Берік Серікұлы команда ойыншылары туралы ақпарат берді. Түрлі мамандықта білім алып жүрген волейболшы қыздардың арасында мемлекеттік және ректор гранты иегерлері бар екенін атап өтті. Оқу мен спортты қатар алып жүрген қыздардың жетістіктеріне тоқталып өтті.

Жақында университетімізде ұйымдастырылған Батыс аймақтық ЖОО студент қыздары арасындағы волейбол турнирінде жеңіске жеткен команданы құттықтаған проректор Ақылбек Ұзақбайұлы алдағы финалдық кезеңде де жақсы ойын көрсетулеріне тілектестік білдірді. Бұл жүздесудің мақсаты – үлкен жарыс алдында командаға кедергі келтіретін мәселелер жоқтығына көз жеткізу. Осы мақсатта ойыншылардың әрқайсысымен тілдескен проректор оларға сәттілік тіледі. 

Еске сала кетсек, Жәңгір атындағы БҚАТУ-дың волейболдан қыздар командасы «Студенттер лигасының»  17-24 сәуір аралығында Өскемен қаласында өтетін финалдық кезеңінде өз бақтарын сынайтын болады.

Волейболшы аруларға жеңіс тілейміз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу