Жәңгір хан университетінің «Ветеринария және агротехнология» институтында қазан-қараша айларында «Өсімдік шаруашылығы» БББ тобының студенттері арасында екі кезеңнен тұратын (тест, ауызша) студенттік пәндік олимпиада өтті.
Білім сайысының мақсаты – студенттердің білімін тексеру, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту, үздіктерді анықтау. Олимпиадаға 6В08100-Агрономия, 6В08102-Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары бойынша студенттер қатысты. Олар өздерінің кәсіби дағдыларын, пәндік білімдерін және ойлау қабілеттерін көрсетті. Үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар университеттің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.
