Вакцинаның маңызы түсіндірілді

Басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов  университеттің белсенді білім алушыларымен кездесті. Кездесу барысында коронавирусқа қарсы вакцинаның маңызы туралы айтылды.

Университет басшысы Асқар Мырзахметұлы студенттерге індетпен күрестің бірден-бір жолы екпе алу екенін түсіндіріп, өздерінің жақындары мен отбасыларын ерте бастан сақтандыруға шақырды.

Жастар да ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына жауап алды.

📚 Loading…