14 желтоқсан Жәңгір хан университетінде Жастар бастамасын дамыту орталығы мен Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздіктер мен белсенділер слеті-2022» өтті.
Салтанатты шара барысында жыл бойына қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өнер, спорт, шығармашылық салалар бойынша түрлі жарыстар мен байқауларда жүлделі орындардан көрінген студенттер басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметовтің атынан «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.