24 мамырда басқарма төрағасы-ректор А.М.Наметов университеттің шетелдік студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет ректоры тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттердің әлеуметтік-құқықтық қамтамасыз етуге жауапты халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жаңа қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, ректор студенттерді университеттің қоғамдық өміріне белсене араласуға, оқуларына адал болуға және спортпен шұғылдануға шақырды.
