2026 жылғы QS Asia University Rankings рейтингіне Азияның 25 елінен (Қытай, Үндістан, Жапония, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Орталық Азия және т.б.) 1529 университет кірді.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ QS Asia University Rankings 2026 рейтингіне қатысып, нәтижесінде Азияның ең үздік жоғары оқу орындарының қатарынан лайықты =658 орынды иеленді. Сондай-ақ «QS Asia University Rankings 2026: Central Asia» рейтингінде 40-орында (https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings).
Рейтинг жасау үшін пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге академиялық және жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны кіреді. Сонымен қатар рейтинг құрастырушылар ЖОО-ның дәйексөздер санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды назарға алады.


