2024 жылғы QS Asia University Rankings рейтингіне Азияның 25 елінен (Қытай, Үндістан, Жапония, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Орталық Азия және т.б.) 856 университет кірді.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ QS Asia рейтингіне қатысып, 501-550 орынды иеленді.
Рейтинг жасау үшін пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге академиялық және жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны кіреді. Сонымен қатар, рейтинг құрастырушылар ЖОО-ның дәйексөздер санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды назарға алады.