Университетке журналистер келді

Жәңгір хан университетінде «Ғылым мен инновация – ел экономикасын дамытудың тетігі» тақырыбында баспасөз мәжілісі өтті.

Оған университеттің басқарма төрағасы-ректоры Асқар Наметов, проректорлар, ғалымдар, ғылыми бағытта селекциялық жұмыстар жүргізілген шаруашылықтардың иелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында университет ректор Асқар Мырзахметұлы баяндама жасап, ғылым мен жоғары білім салалары бойынша атқарылған істер мен айшықты жобалар, олардың аграрлық саланы дамытуға және ел экономикасын ілгерілетуге тигізетін пайдасы, нәтижелері туралы айтты.Университет ғалымдарының суды үнемдеу,  жайылымдылық жерлерді суландыру, тиімді және экологиялық жағынан таза мал шаруашылығын құру, қой жүнін пайдаға асыру секілді еліміз бойынша өзекті мәселелерді ғылыми жолмен шешуге атсалысып жатқанын жеткізді.

Ректор өз баяндамасында университет кадр даярлау мәселесінде де еліміздегі экономикалық өзгерістерді ескере отырып, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында білім беру саласына өзгерістер енгізілгенін жеткізді.

Баспасөз мәжілісінде журналистер тарапынан қойылған сұрақтар да жауапсыз қалмай, ғылыми жобалар бойынша қосымша ақпараттар берілді.

Сонымен қатар журналистер өткен жылдың қазан айында университеттің ғылыми қызметкерлері ғылыми зерттеулерге бөлген қаражатты жымқырды деген ресми ақпаратқа байланысты тергеп-тергеу жұмыстарына қатысты сауал жолдады. Ректор бұл мәселеге байланысты 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде “Адамдар мен жануарлардың аса қауіпті ауруларын таратудағы жарқанаттардың рөлі” гранттық жобасына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісіне қатысты БҚО бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы 29.12.2023 жылғы №232700011000013 қаулымен таныстырып,  бөлінген қаражаттың мақсатты түрде жұмсалғанын дәлелдеп берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу