Университетімізге қолөнер шеберлері келді

Жәңгір хан университетінде «Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы» атты кездесу кеші өтті.

Оған қаламыздағы ұлттық қолөнер шеберлері Айнагүл Халықова мен Светлана Дюсенбаева, оқытушылар және «Фатима» қыздар клубының мүшелері қатысты. Тәрбиелік мәні зор шараны «Жалпы даму және кәсіби білім беру педагогтарын даярлау» орталығы мен «Парасат» ақпараттық-білім беру орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Алдымен сөз алған университетіміздің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры А.Сұлтанов кеш қонақтарына ризашылығын білдіріп, бұл кездесудің пайдалы боларына сенім білдірді. Бұдан әрі Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына батысқазақстандық делегациямен бірге барып, өздерінің қолдарынан шыққан ұлттық бұйымдарымен қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де таң қалдырған қос шебер сөз алды.

Тағылымды шара барысында қонақтар төл мәдениетіміз, әдебиетіміз, тарихымыз жайлы қызықты әңгімелер өрбітті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу