Университет ұжымы Жолдауды қолдайды

Жәңгір хан университетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Негізінен маңызды құжатта басымдық берілген цифрландыру үдерісі, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, су ресурстарын сақтау, экология сынды мәселелер жоғары оқу орнының ғалым-ұстаздарын да бей-жай қалдырмайды.

Жолдауды соңына дейін тыңдаған профессор-оқытушылар құрамы стратегиялық құжатты қолдайтындарын және ондағы өз жұмыстарына қатысты тұстарды жүзеге асыруға атсалысатындарын жеткізді. Ал Жолдауды ұстаздарымен бірге тыңдаған білім алушыларға Президенттің тазалық, тәрбие, отаншылдық мәселесіне қатысты сөздері үлкен ой салғаны сөзсіз.

Жолдаудың толық мәтіні (жүктеу)

https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-zhasandy-intellekt-dauirindegi-kazakstan-ozekti-maseleler-zhane-ony-tubegeyli-cifrlyk-ozgerister-arkyly-sheshu-881957

📚 Loading…