Университет ұжымы екпе салдыруда

Жәңгір хан университетінің тағы бір топ оқытушылары мен қызметкерлері және білім алушылары бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Бүгін кезекті рет университеттің медициналық орталығына арнайы келіп вакцинациялау науқанын жүргізген қалалық №6 емхана дәрігерлері алдымен екпе алуға ниет білдіргендердің қан қысымын, дене қызуын өлшеп, денсаулық жағдайларына байланысты сауалнама толтырды. Бұдан соң олар өз қалауларымен Ресейде өндірілген Gam-COVID-Вaк және араб вакцинасын алды. Екпе алғандар 30 минут дәрігерлердің бақылауында болып, содан кейін жұмыс орындарына кетті.

Университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы мен проректорлар бастаған ұжым індетпен күресті осылайша қолға алуда. Күні бүгінге дейін 100-ден астам қызметкер мен 10 студент коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Алдыңғы кезекте вакцина салдырғандар бүгінде медициналық құжаттарын да алып үлгерді. Ал бүгін екпе салдырған қызметкерлер мен студенттер вакцинаның екінші компонентін 45 күннен кейін алатын болады.

Гүлнәр Мұқанғалиева, университет қызметкері: «Бүгін бірінші вакцина алып тұрмын. Бұл – өзімнің отбасымның, жақындарымның қауіпсіздігі үшін деп білемін».

Абулхайыр Санатов: «Мен Индустриалды-технологиялық институттың  үшінші курс студентімін. Денсаулық жағдайымды дәрігерлер тексерді, кеңес берді. Барлығы жақсы».

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу