Университет түлегі дәріс оқыды

Политехникалық институтында «Машина жасау өндірісіндегі технологиялық процестер»,   «Механикалық өңдеудің технологиялық процестерді  жобалау» пәнінен  университетіміздің тікелей жұмыс берушісі  «АГРОРЕММАШ»  ҚБ өндірісінен «Машина жасау» білім беру бағдарламасының түлегі, жетекші инженер-конструктор Азат Утаров проблемалық дәріс оқыды.

Проблемалық дәріске қатысқан МС-41, МДО-41 тобының студенттері өздерінің  сұрақтарын қойды. Проблемалық дәрісте А.Утаров өндірістегі бұйым дайындаудың технологиялық процесінің маңызды орындалу кезеңдерін сызба арқылы түсіндіріп өтті. Проблемалық дәріске жауапты оқытушылар: аға оқытушы Александр Силантьев пен аға оқытушы  Қарлығаш Мұханбетжанова.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу