Университет аумағын абаттандырды

17 сәуір күні Жәңгір хан университетінің профессор-оқытушыларынан, білім алушылардан және қызметкерлерден құралған 1000-нан астам адам сенбілікке шықты.

Тазалық іс-шарасына қатысушылар оқу орны ғимараттарының аумағын, сондай-ақ өздеріне бекітілген Саратов трассасы бойындағы, Айтқұлов және Жәңгір хан көшелеріндегі қалдықтарды жинады. Сонымен бірге университет ауласына алма, талшын, үйеңкі, емен ағаштары – барлығы 550 көшет отырғызылды. Сенбілік жұмыстары барысында жиналған күл-қоқыстарды тасымалдауға оқу орнының үш техникасы пайдаланылды. Нәтижесінде барлық аумақтан 30 тоннадай қоқыс шығарылды.

Еске сала кетсек, жалпықалалық санитарлық-экологиялық айлығына үшінші апта қатарынан өз үлестерін қосып жатқан университет ұжымы еңбек науқанын әлі де жалғастырады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу