Ұлы ағартушыға арналған кеш

Шетел тілі пәні оқытушылары Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Алғашқы ұстаз, тұңғыш кемеңгер» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.

Басты мақсат – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогының шығармашылығын дәріптеу арқылы жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Университет білім алушылары ақынның шығармаларынан үзінділер оқып, сұрақтарға жауап берді.

Ы.Алтынсарин – ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Орыс, араб және татар тілдерін еркін меңгерген кемеңгер ұстаз халқының сауаттылығын арттыруды армандаған және алған білімін өз жұртының пайдасына асыруға талпынған. Қазақ жастарын оқу-білімге ынталандыру мақсатында жазған «Кел, балалар, оқылық» шығармасымен ағартушының есімі қазақ даласына кеңінен танылды. 1864 жылы алғашқы қазақ мектебін ашып, тарихта есімін қалдырды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу