Жәңгір хан университетінің 60 жылдығы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Білім ордасының басты жетістігі – кәсіби өмірге дайындаған табысты түлектері.
«Индустриалды-технологиялық институтында» университет түлектерімен кездесу өтті. Іс-шараға институт директоры Сәрсенбек Әлиакбарұлы Монтаев бастаған профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.
Кездесуге келген БҚАТУ-дың әр жылдағы түлектері Бекбулат Шәкешев (БҚИТУ ректоры, т.ғ.к.), Ақылжан Ахметов (Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы бас директорының орынбасары), Мақсат Нәсіпқали (Сауд Арабиясы елінде ұңғыма операцияларының координаторы) сұрақтарға жауап беріп, жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Кеш соңында ИТИ-дың белсенді студенттері өнер көрсетіп, қонақтарға әсерлі көңіл күй сыйлады.